Пресс-релизы

20 декабря

"ForteBank" АҚ Директорлар кеңесінің және басқармасының құрамдарындағы өзгерістер туралы ақпарат

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Астана, 2016 жылғы 20 желтоқсан – "ForteBank" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Банк) орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010017, Астана қ., Достық к-сі, 8/1, Банктің Директорлар кеңесінің және басқармасының құрамдарындағы өзгерістер туралы хабарлайды.

2016 жылғы 20 желтоқсанда Банк Директорлар кеңесінің отырысы болды, оның барысында "Банктің Басқарма құрамындағы өзгерістер туралы" сұрағы қарастырылып, оның шеңберінде мынадай шешімдер қабылданды:

1)       2016 жылғы 20 желтоқсаннан бастап, Талғат Жұманұлы Қуанышевтың Банк басқармасының мүшесі – Басқарма Төрағасы ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды.

2)       2016 жылғы 21 желтоқсаннан бастап, Мағжан Мұратұлы Әуезов Банк Басқармасының Төрағасы болып сайланды.

3)       2016 жылғы 20 желтоқсаннан бастап, Шолпан Мұқашқызы Нурумбетованың Банк басқармасының мүшесі – Банк Басқармасы Төрағасының орынбасары ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды.

4)       2016 жылғы 21 желтоқсаннан бастап, Гурам Андроникашвили Банк Басқармасының мүшесі – Банк Басқармасы Төрағасының бірінші орынбасары болып сайланып, оның Банк басқармасының мүшесі – Банк Басқармасы Төрағасының орынбасары ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды.

Осы сұрақты қарау кезінде Банктің Директорлар кеңесіне Мағжан Мұратұлы Әуезов өзінің Директорлар кеңесі мүшесі- Банктің директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры ретіндегі өкілеттігі, оның жеке бастамасы бойынша 2016 жылғы 20 желтоқсаннан бастап, мерзімінен бұрын тоқтатылғаны туралы хабарлады. Сонымен, Мағжан Мұратұлы Әуезовтың Директорлар кеңесі мүшесі - Банктің директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры ретіндегі өкілеттігі Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңының 55 бабы 4 тармағына сәйкес, 2016 жылғы 20 желтоқсаннан бастап тоқтатылды.